Жаңалықтар

Көгалдағы хоккейден Қазақстан құрамасы орталық Азия чемпионатының жеңімпазы атанды

Қазақстан ерлер құрамасы финалда алаң иесі Өзбекстанмен ойнап, тартысты матчта 5-4 есебімен басым түсті.

Ал Қазақстан әйелдер құрамасы қола жүлде үшін Тәжікстанмен кездесті. Бұл ойында отандастарымыз қарсылас қақпасына жауапсыз 12 гол салды.

Айта кетейік, биыл ерлер мен әйелдер арасында 5 құрамадан сынға түсті.