Жаңалықтар

Бахрейнде III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары басталды

Қазақстан бұл ойындарда спорттың 21 түрінен сынға түседі. Ұлттық делегация құрамына 303 адам енді, оның ішінде 220 спортшы мен 51 жаттықтырушы бар. Делегация құрамында жүзу, жеңіл атлетика, бокс, күрес, дзюдо, таеквондо, триатлон, ауыр атлетика, джиу-джитсу, киберспорт, гандбол, жағажай волейболы, 3х3 баскетбол, гольф және басқа да спорт түрлерінің өкілдері бар.

Гандболдан Қазақстанның қыздар құрамасы Бахрейндегі жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында екінші жеңісіне қол жеткізді. Топтық кезеңдегі матчта қазақстандықтар Үндістан командасын 39:26 есебімен тізе бүктірді. Бұған дейін біздің спортшылар Гонконг құрамасын 40:24 есебімен жеңген болатын.

Бүгін, 21 қазанда қазақстандық спортшылар жағажай волейболы мен гандбол бойынша жарыстарға қатысады:

-Жағажай волейболы (ерлер): Қазақстан – Малайзия, басталуы 18:00

-Жағажай волейболы (қыздар): Қазақстан – Қытай, басталуы 21:00

-Гандбол (ерлер): Қазақстан – БАӘ, басталуы 22:00.

Фото: Сали САБИРОВ, Арлан ОЛЖАБАЙ