Olympic Center спорт кешенінде еткен халықаралық доданың ашылу рәсіміне Түркістан облыстық мәслихаттың төрағасы Нұралы Әбішов, Qazaq Kuresi Ассоциациясының бас директоры Дамир Бекбосынов және Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, спортшыларға сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.
– Түркі әлемінің рухани астанасы – қасиетті Түркістанға қош келдіңіздер! Бүгін қазақ күресінен ұлт мақтанышы, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы Әлем кубогі өтіп жатыр. Қазақ күресі – ұлттық спорт түрлерінің ішінде айрықша рух пен қайсарлықты дәріптейтін төл өнеріміз. Бүгінде әлемнің 40-тан астам елінде қазақ күресінің федерациялары құрылып, жүйелі жұмыс атқарылып жатыр. Соңғы жылдары Әлем, Азия, Африка және Еуропа чемпионаттары тұрақты өткізіліп, қазақ күресі жаңа деңгейге көтерілді. Сондай-ақ, елімізде жоғары дәрежеде ұйымдастырылып келе жатқан «Тұран барысы», «Қазақстан барысы», «Еуразия барысы» және «Әлем барысы» сынды турнирлер халықтың зор қызығушылығына ие. Күні кеше қазақ күресінен ересектер арасындағы Азия чемпионаты сәтті аяқталды. Бүгінде Түркістан қаласы қазақ күресінің халықаралық орталығына айналып отыр, – деді Ертай Кенжебекұлы.
Бұдан кейін сөз алған Qazaq Kuresi Ассоциациясының бас директоры Дамир Бекбосынов қасиетті Түркістан төрінде басталған Қажымұқан атындағы Әлем кубогініңұлт рухының, спорттың және достықтың мерекесі екенін атап өтіп, спортшыларға сәттілік тіледі.
Жыл өткен сайын ауқымы кеңейіп, ұйымдастыру деңгейі артып келе жатқан байрақты бәсеке биыл ерекше форматта өтіп жатыр. Доданың жоғары деңгейде өтуіне Qazaq Kuresi Ассоциациясы мен Түркістан облысының әкімдігі бірлесе атсалысып отыр.
Қазақ күресінің абыройын халықаралық аренада жаңа белеске көтеруді көздейтін бұл әлем кубогі – спортшылар үшін үлкен сын, ал жанкүйерлер үшін нағыз рух мерекесі болмақ.
Назарларыңызға бірінші жарыс күнінің жеңімпаз-жүлдегерлерін ұсынамыз:
55 kg
І орын – Dias DAULET KAZ
ІІ орын – Kuanysh MAKSUTOV KAZ
ІІІ орын – Temirzhan RUSLAN KAZ
66 kg
І орын – Iskandar MAHMADKHOJAZODA TJK
ІІ орын – Islam KAMCHYBEKOV KGZ
ІІІ орын – Nurdaulet ALDABERGEN KAZ
ІІІ орын – Gigi OTIASHVILI GEO
82 kg
І орын – Nurdaulet BAKTYBAIULY KAZ
ІІ орын – Shakhrom MAKHAMATKARIMOV UZB
ІІІ орын – Dmitry DINER KAZ
ІІІ орын – Sultan-Beibarys KAIRATULY KAZ
100 kg
І орын – Yerassyl AMANGELDI KAZ
ІІ орын –Elnar ZHANBOLATULY KAZ
ІІІ орын –Zurab CHAGELISHVILI GEO
ІІІ орын –Amanjaoli SUANTAI CHN
Екінші жарыс күнінің жеңімпаз-жүлдегерлері келесідей:
60 kg
І орын - Marat NIGMATULLAYEV KAZ
ІІ орын - Tugol KANATBEK UULU KGZ
ІІІ орын - Bagdat ORAKBAY KAZ
ІІІ орын - Bekzat AMZEBEK KAZ
74 kg
І орын - Zhumazhan KOZHAMBEKOV KAZ
ІІ орын - Yerassyl BAKDAULET KAZ
ІІІ орын - Elbek TOJIEV UZB
ІІІ орын - Pouria Asadollah SHOKRI IRI
90 kg
І орын - Khaknazar NAZAROV TJK
ІІ орын - Yenbek SAKTAGANOV KAZ
ІІІ орын - Yerassyl MERZHANOV KAZ
ІІІ орын - Olzhas ISSAKHANOV KAZ
+100 kg
І орын - Nursultan KABLAN KAZ
ІІ орын - Mukhtar DALELKHANULY KAZ
ІІІ орын - Sardar ABDISSAMITULY KAZ
ІІІ орын - Pridoni SHARIKADZE GEO