Жаңалықтар
2025-05-28 11:18
26 мамыр мен 1 маусым аралығындағы жарыстар кестесі
26–28 мамыр:
Сурдо дзюдодан Қазақстан кубогі
Жарысқа еліміздің 16 өңірінен 110-нан астам спортшы қатысады.
Өтетін орны: Ақтау қаласы
27–31 мамыр:
Жеңіл атлетикадан XXVI Азия чемпионаты
Сары құрлық додасында ел намысын 27 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Гуми қаласы, Оңтүстік Корея
27 мамыр – 6 маусым:
Пара нысана көздеуден Әлем кубогі
Турнирде 3 отандасымыз өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Чханвон қаласы, Оңтүстік Корея
28 мамыр – 1 маусым:
Грек-рим күресінен жастар арасындағы халықаралық турнир
Бозкілемде 8 жерлесіміз белдеседі.
Өтетін орны: Пореч қаласы, Хорватия
30 мамыр – 1 маусым:
Каратэден Karate1 Premier League халықаралық турнирі
Жарысқа 67 елден 400 спортшы қатысады. Қазақстан құрамасынан 13 спортшы бақ сынайды.
Өтетін орны: Рабат қаласы, Марокко
30 мамыр – 2 маусым:
Қоян-қолтық ұрыстан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты
Турнирде 38 спортшымыз жүлдеге таласады.
Өтетін орны: Бурса қаласы, Түркия
31 мамыр – 1 маусым:
Би спортынан Қазақстан чемпионаты мен кубогі
Жарысқа еліміздің 11 өңірінен 700 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Ақтау қаласы
31 мамыр – 1 маусым:
Шинкиокушинкай каратэден 8-ші әлем чемпионаты (фулл-контакт каратэден 1-ші әлем чемпионаты)
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы сынға түседі.
Өтетін орны: Токио қаласы, Жапония