Жаңалықтар

4-10 тамыз аралығында өтетін жарыстар кестесі

4-12 тамыз: Шахматтан KONAEV CUP 2025 халықаралық турнирі

Жарысқа 15 елден 265 спортшы қатысады. Ел құрамасынан 179 шахматшы бақ сынайды.

Өтетін орны: Қонаев қаласы

5 тамыз: УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі

«Қайрат» – «Слован Братислава» (Словакия)

Өтетін орны: Алматы қаласы, Орталық стадион

7 тамыз: УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңі

«Астана» – «Лозанна» (Швейцария)

Өтетін орны: Лозанна қаласы, Швейцария

7-10 тамыз: Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған ұлттық спорт түрлерінен облыстық және республикалық ашық турнирлер

Дүбірлі бәсекелерге 550-ден астам спортшы қатысады.

Өтетін орны: Абай облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы

7-17 тамыз: XII Дүниежүзілік ойындар

Қазақстан құрамасынан 31 спортшы жүлдеге таласады.

Өтетін орны: Чэнду қаласы, Қытай

9-10 тамыз: Грек-рим күресінен Grand Prix of Germany халықаралық турнирі

Жарысқа отандық 15 палуан қатысады.

Өтетін орны: Дортмунд қаласы, Германия