Жаңалықтар

9-15 маусым аралығында өтетін жарыстар кестесі

10–14 маусым: Нысана көздеуден Әлем кубогі

Ел құрамасынан 15 спортшы қатысады

Өтетін орны: Мюнхен қаласы, Германия

12–15 маусым: U23 және жасөспірімдер арасындағы байдарка мен каноэде есуден Азия чемпионаты

Жарысқа 12 спортшымыз қатысады

Өтетін орны: Паттайя қаласы, Таиланд

12–15 маусым: Грэпплингтен халықаралық турнир

Турнирге 10 елден 800 спортшы қатысады

Өтетін орны: Астана қаласы

13–15 маусым: Спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогі

Жарыста 1 спортшымыз бақ сынайды

Өтетін орны: Берн қаласы, Швейцария

13–15 маусым: WT таеквондодан Grand Prix Challenge G2 халықаралық турнирі

Байрақты бәсекеге 5 спортшымыз қатысады

Өтетін орны: Шарлотт қаласы, АҚШ

13–15 маусым: Көркем жүзуден Әлем кубогі (Суперфинал)

Жүлде жолында 12 спортшымыз бақ сынайды

Өтетін орны: Сиань қаласы, Қытай

13–20 маусым: Дзюдодан әлем чемпионаты

Ел құрамасынан 12 спортшы татамиге шығады

Өтетін орны: Будапешт қаласы, Мажарстан

14–21 маусым: Садақ атудан Азия кубогі (2-кезең)

Сайыста 10 спортшымыз өнер көрсетеді

Өтетін орны: Сингапур қаласы, Сингапур