Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

«Olympic Center» спорт кешенінде өткен ересектер арасындағы қазақ күресінен Азия чемпионатында 13 мемлекеттен келген 150-ге жуық спортшылар 16 салмақ дәрежесінде белдесіп, кім мықтыны анықтаған болатын.

Сарықұрлықтың түкпір-түкпірінен келген балуандардың басын қосқан бұл чемпионатта Азияның кіл мықтылары бақ сынады. Түркі әлемінің рухани астанасы атанған Түркістан төріндегі чемпионатта Қазақстан құрамасы өз үстемдігін көрсетіп, жанкүйер қауымның зор сенімін ақтады.

Атап айтқанда, чемпионаттың бірінші жарыс күні ерлер арасында 55 келіде Архат Баймұрзин, 66 келіде Нұрғали Тұрсынғазиев, 82 келіде Асылжан Кәрім, 100 келіде Ерқанат Молдағұлов қарсыластарын қоғадай жапырып, Азияның алтын медаль иегерлері атанды.

Ал нәзік жандар арасынан 48 келі салмақта Айдана Хасенқызы, 77 келіде Аружан Жандарбай қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, ел мерейін үстем етті. Сонымен қатар 56 келіде Ақнұр Асылбекова, 65 келіде Ұлдана Таңжарықова күміс жүлдені қанжығалады.

Чемпионаттың соңғы күні де қазақ балуандарының рухы мен шеберлігі жарқырап көрінді. Яғни, 60 келі салмақта Нұртілек Қаракесеков, 74 келіде Тілек Тоқтасынұлы, +100 келіде Қайсар Шамшидинов қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, алтын медаль иеленді. Ал 90 келіде сынға түскен Айдар Бескемпір қола жүлдені жеңіп алды.

Әйелдер арасынан +77 келіде Арайлым Шегенова Азия чемпионы атанса, 52 келіде Сағат Байғараева, 70 келіде Ақбота Қыдырәлі күміс жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ 60 келіде Назерке Асанхан үздік үштіктен көрініп, қола медаль еншіледі.

Екі күнге созылған тартысты дода нәтижесінде Қазақстан құрамасы 10 алтын, 4 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте үздік атанды. Екінші орын Өзбекстан құрамасына, ал үшінші орын Қырғызстан балуандарына бұйырды.

Чемпионаттың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен Sport Qory спортты қолдау қоры үлкен үлесін қосты.

Азия чемпионатының жеңімпаз-жүлдегерлері:

Ерлер

55 kg

І орын – Arkhat BAIMURZIN KAZ

ІІ орын – Daiyr BEIMANZHANOV KGZ

ІІІ орын – Anvar ESHPULATOV UZB

60 kg

І орын – Nurtilek KARAKESSEKOV KAZ

ІІ орын – Tugol KANATBEK KGZ

ІІІ орын – Ramziddin AZIZOV TJK

66 kg

І орын – Nurgali TURSYNGAZIYEV KAZ

ІІ орын – Islam KAMCHYBEKOV KGZ

ІІІ орын – Zulfiddin SALIMOV UZB

74 kg

І орын – Tilek TOKTASSYNULY KAZ

ІІ орын – Pouria Asadollah SHOKRI IRI

ІІІ орын – Navruz KARIMZOD TJK

ІІІ орын – Elbek TOJIEV UZB

82 kg

І орын – Assylzhan KARIM KAZ

ІІ орын – Mohammad Taghi ABBAS NEJAD IRI

ІІІ орын – Shatman ESENBEK UULU KGZ

ІІІ орын – Shakhroom MAKHAMATKARIMOV UZB

90 kg

І орын – Khaknazar NAZAROV TJK

ІІ орын – Seyedmohammadreza SAEEDIMADANI IRI

ІІІ орын – Dostonbek KHOLMAKHMADOV UZB

ІІІ орын – Aidar BESKEMPIR KAZ

100 kg

І орын – Yerkanat MOLDAGULOV KAZ

ІІ орын – Behzad Reza ETEMADI BADLO IRI

ІІІ орын – Ogabek GANIEV UZB

+100 kg

І орын – Kaisar SHAMSHIDINOV KAZ

ІІ орын – Dadakhon KURBONALIEV TJK

ІІІ орын – Hamidreza Mohammadreza MALEKZADEH IRI

Әйелдер

48 kg

І орын – Aidana KHASSENKYZY KAZ

ІІ орын – Muhabbat YOKUBOVA UZB

ІІІ орын – Aliman ABDRASHITOVA KGZ

52 kg

І орын – Sitora ELMURODOVA UZB

ІІ орын – Sagat BAIGARAYEVA KAZ

ІІІ орын – Anjali ANJALI IND

56 kg

І орын – Nozigul KHOLMIRZAEVA UZB

ІІ орын – Aknur ASSYLBEKOVA KAZ

ІІІ орын – Archi PAKHROT IND

60 kg

І орын – Begai BEISHENAALY KGZ

ІІ орын – Khurshida TUKHLIEVA UZB

ІІІ орын – Nazerke ASSANKHAN KAZ

65 kg

І орын – Muslimakhon AHMEDOVA UZB

ІІ орын – Uldana TANZHARYKOVA KAZ

ІІІ орын – Khushi TYAGI IND

70 kg

І орын – Sevinch TURAKULOVA UZB

ІІ орын – Akbota KYDYALI KAZ

ІІІ орын – Meena MEENA IND

77 kg

І орын – Aruzhan ZHANDARBAY KAZ

ІІ орын – Adina ALMAZBEKOVA KGZ

+77 kg

І орын – Arailym SHEGENOVA KAZ

ІІ орын – Pokizakhon KAMOLDINOVA UZB

ІІІ орын – Eesha Bharat PATIL IND