Жаңалықтар
2025-06-17 09:48
16–22 маусым аралығында өтетін жарыстар кестесі
16–23 маусым
– Семсерлесуден Азия чемпионаты
Ел құрамасынан 23 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Нуса Дуа қаласы, Индонезия
16–23 маусым
– Көркем гимнастикадан юниорлар арасындағы әлем чемпионаты
Жарыста отандық 7 спортшы бақ сынайды.
Өтетін орны: София қаласы, Болгария
16–24 маусым
– Жағажай волейболынан Азия чемпионаты
Турнирге Қазақстан құрамасы да қатысады.
Өтетін орны: Рой-Эт қаласы, Таиланд
18–19 маусым
– Күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионаты
Ел намысын 30 палуан қорғайды.
Өтетін орны: Вунгтау қаласы, Вьетнам
18–21 маусым
– Спорттық гимнастикадан ерлер арасындағы Әлем кубогі кезеңі
Жарысқа отандық 6 гимнаст қатысады.
Өтетін орны: Ташкент қаласы, Өзбекстан
18–26 маусым
– Пара пауэрлифтингтен Әлем кубогі
Қазақстан құрамасынан 10 спортшы сынға түседі.
Өтетін орны: Бейжің қаласы, Қытай
20–21 маусым
– Велотректен халықаралық жарыс
Турнирде 4 велошабандозымыз өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Котбус қаласы, Германия
21–22 маусым
– Жеңіл атлетикадан халықаралық турнир
Қазақстан құрамасынан 2 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Ташкент қаласы, Өзбекстан