Жаңалықтар

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатында сенімді жеңіске жетті

Трап бағдарламасындағы аралас жұптық сында Элеонора Ибрагимова мен Никита Моисеев финалда үндістандық қатарластарынан басым түсті. Есеп: 38-37.

Жүлдегерлер:

1. Қазақстан-1 командасы

2. Үндістан-2 командасы

3. Өзбекстан-1 командасы

Айта кетейік, осыған дейін Никита мен Элеонора ерлер мен әйелдер арасында командалық сайыста күміс жүлде иеленіп үлгерген.