Жаңалықтар

Волейболды отырып ойнаудан Әлем кубогінің қорытындыларына арналған брифинг өтті

Іс-шараға Қазақстандық пара волейбол федерациясының президенті, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаев, ұлттық құраманың бас бапкері Бауыржан Тахауов және команда капитаны Бауыржан Сартаев қатысты.

Брифинг барысында спикерлер ұлттық құраманың әлемдік аренадағы соңғы жетістіктерін талқылап, алдағы мақсаттарымен бөлісті.

Айта кетсек, 9–18 қазан аралығында АҚШ-тың Форт-Уэйн қаласында өткен волейболды отырып ойнаудан Әлем кубогінде Қазақстан ерлер құрамасы қола медаль иеленіп, ел тарихында алғаш рет әлемнің үздік үштігіне енді.