Жаңалықтар

Грек-рим күресінен U17 Әлем чемпионаты аяқталды: қорытынды нәтиже қандай?

Байрақты бәсекені «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшылары үздік нәтижемен аяқтап, 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медальды ел қоржынына салды.

🥇Алтын медаль иегері:

Қуанышбек Жаңажол (45 кг)

🥈Күміс медаль иегерлері:

Нұрдәулет Құмарұлы (48 кг)

Нұрәли Асқар (55 кг)

🥉Қола медаль иегері:

Досбол Шамил (65 кг)

Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 3-орынға табан тіреді.

«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының бапкерлері: Асхат Жаңбыров - аға жаттықтырушы, Жарқын Тұрсынов - жаттықтырушы.