Бүгін автокөліксіз жүретін күн. Жалпы көлік өміріміздің ажырамас бөлігіне айналғалы қашан. Жұмысқа барсақ та, балабақша мен мектепке бала апарсақ та темір тұлпарды тізгіндейміз. Осы күнделікті мініп жүрген көліктен бір күнге болсын бас тарта аласыз ба?
Яғни бүгін барлық отандастарымызды автокөлікті емес, басқа көлік құралдарын қолдануға шақырып отыр. Бір жерге бару үшін қоғамдық көлікті, велосипедті, самокатты пайдалануға үндейді. Ал мүмкіндік болса, жаяу жүргеннің денсаулыққа пайдалы екенін барлығымыз да білеміз.
Челлендж шарты:
✅ Бір күн жеке автокөлікпен жүрмеңіз (мүмкіндігінше көлікке мүлде отырмаңыз).