Жаңалықтар

Конькимен жүгіруші Кристина Шумекова әлем Кубогы кезеңінде екі мәрте топ жарды

Отандасымыз Кристина Шумекова 1000 (1:17.485 секунд) және 3000 метрлік (4:13.08) жарыста ешкімге дес бермей, екі алтын медаль жеңіп алды.

1000 метрде жапониялық Аяно Секигучи күміс, Польша өкілі Ханна Мазур қола иеленді. Бұл сында тағы бір қазақстандық Анастасия Беловодова 6-орыннан көрінді. Ал 3000 м қашықтықта Нидерланды спортшы Лике Хейзинк екінші болса, үздік үштікті қытайлық Цзяминь Цзян түйіндеді.