Тұрсынбет Ернар Ақбергенұлы
«Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры
Жалпы ақпарат
Тұрсынбет Ернар Ақбергенұлы 1982 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.
С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін, сондай-ақ И. Сеченов атындағы Мәскеу медициналық академиясын («Болашақ» бағдарламасы бойынша) бітірген.
Медицина ғылымдарының PhD докторы.
«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» салалық наградасымен марапатталған.

Еңбек жолы
2007–2008 жж. – Астана қаласы №4 қалалық емханасының дәрігер-статистигі.
2008–2009 жж. – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтер сапасын бақылау комитетінде аттестаттау, аккредиттеу және лицензиялау басқармасының сарапшысы.
2009–2010 жж. – ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінде медициналық қызметтерді бақылау бөлімінің басшысы.
2011–2019 жж. – Астана медицина университетінде:
хатшылық меңгерушісі, кафедра доценті, кафедра меңгерушісі, декан.
2019–2020 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының Айыртау аудандық ауруханасының бас дәрігері.
2020–2024 жж. – ҚР Ішкі істер министрлігінің орталық госпиталі мен емханасында медициналық бөлім жөніндегі басшының орынбасары.
Генералдық директор болып тағайындалғанға дейін –
«Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығы» ШЖҚ РМК ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің басшысы.
2024 ж. – қазіргі уақытқа дейін –
«Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығы»
ШЖҚ РМК бас директоры.