Ұйымдық құрылым

Ұйымдық құрылым

 

ШЖҚ РМК «Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығы» спорттық медицина, медициналық оңалту және спортшыларды медициналық сүйемелдеу саласындағы міндеттерді тиімді орындауды қамтамасыз ететін бекітілген ұйымдық құрылымға сәйкес қызметін жүзеге асырады.
Кәсіпорын қызметіне жалпы басшылықты Бас директор жүзеге асырады. Кәсіпорын қызметін бақылауды және корпоративтік басқару қағидаттарының сақталуын Байқау кеңесі қамтамасыз етеді.
Кәсіпорын құрылымына медициналық, ұйымдастыру-әдістемелік және әкімшілік бөлімшелер кіреді. Олардың қызметі сапалы медициналық көмек көрсетуге, медициналық оңалтуды жүзеге асыруға және кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Медициналық бөлімшелер

 

Кәсіпорынның медициналық бөлімшелері:
-       Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының спортшыларын және спортшылардың өзге де санаттарын медициналық сүйемелдеуді; 
-       тереңдетілген медициналық тексерулер мен профилактикалық қарап-тексерулерді жүргізуді; 
-       спортшылардың функционалдық жай-күйін бағалауды; 
-       аурулардың диагностикасын, емделуін және профилактикасын; 
-       медициналық оңалту мен қалпына келтіру емін жүргізуді; 
-       спорттық іс-шараларға дайындық және қатысу кезеңінде спортшылардың денсаулық жағдайына мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді. 
Медициналық блоктың құрамына спорттық медицина, медициналық оңалту, функционалдық және зертханалық диагностика бөлімшелері, сондай-ақ бейінді мамандар кіреді.

Ұйымдастыру-әдістемелік қызмет

 

Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімше спорттық медицина және медициналық оңалту мәселелері бойынша Кәсіпорын қызметін үйлестіруді және медициналық статистиканы  қамтамасыз етеді, диагностика, емдеу және қалпына келтірудің заманауи әдістерін әзірлеуге және енгізуге, сондай-ақ спортшыларға медициналық көмек көрсетуді жетілдіруге қатысады.

Әкімшілік бөлімшелер

 

Әкімшілік бөлімшелер Кәсіпорын қызметінің қаржылық-экономикалық, кадрлық, құқықтық, құжаттамалық, ақпараттық және шаруашылық қамтамасыз етілуін жүзеге асырып, барлық құрылымдық бөлімшелердің тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасайды.

Пациенттерді қолдау қызметі

Пациенттердің құқықтарын қорғау және медициналық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Кәсіпорында пациенттерді қолдау қызметі жұмыс істейді. Қызмет пациенттердіңөтініштерін қарайды және туындайтын мәселелерді жедел шешуге жәрдемдеседі.
Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы спортшыларды сапалы медициналық сүйемелдеуді, мамандандырылған медициналық көмек пен медициналық оңалтуды көрсетуді, заманауи медициналық технологияларды енгізуді және спорттық медицина саласындағы міндеттердің тиімді орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған.