Бөлімшелер
Зертханалық диагностика бөлімшесі
Біз туралы
Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығыфилиалының клинико-биохимиялық зертханасы спортшылардың денсаулық жағдайын бағалау, олардың физикалық дайындығын бақылау және ықтимал аурулардың алдын алуға арналған кең ауқымды зерттеулерді жүргізеді. Біз жоғары деңгейдегі құрал-жабдықтар мен ұйымшыл команда өкілдері кәсібилігтерінің арқасында дәл және жедел нәтижелерді ұсынамыз.
Зертхана жұмысының негізгі бағыттары:
1. Қанды жалпы және клиникалық талдауы
  • Гемоглобин, лейкоциттер, эритроциттер, тромбоциттер және басқа параметрлердің деңгейін бағалау.
  • Анемияларды, қабыну процестерін, инфекцияларды диагностикалау.
  • Зерттеулер: СОЭ (Панченков бойынша), ретикулоциттерді, тромбоциттерді, лейкоцитарлық формуланы санау.
2. Биохимиялық зерттеулер
  • Бауыр, бүйрек және жүрек-қан тамырлар жүйесінің функцияларын бағалау: АЛТ, АСТ, ЩФ, ЛДГ, креатинфосфокиназа және басқа көрсеткіштер.
  • Электролиттерді талдау: натрий, калий, кальций, магний.
  • Ақуыздар, липидтер, қант және басқа да маңызды параметрлердің деңгейін анықтау.
3. Иммунохимиялық зерттеулер
  • Гормондық фонды диагностикалау: кортизол, тестостерон, ТТГ, T4, T3.
  • Қабыну маркерлерін және витаминдерді (витамин D, В12) бағалау.
  • Иммундық және аллергиялық жағдайларды зерттеу.
4. Жалпы клиникалық зерттеулер
  • Зәр анализдері (рН, глюкоза, ақуыз, кетондар, билирубин, меншікті салмақ, лейкоциттер және тағы басқа).
  • Микроскопиялық зерттеулер: Нечипоренко бойынша зәр анализі, жалпы зәр анализі, простата секретін зерттеу.
5. Инфекцияларды диагностикалау
  • Гепатиттер B және C (HBsAg, Anti-HCV) талдаулары.
Қолданылатын анализаторлардың артықшылықтары:
1. Swelab Lumi 5DiF гематологиялық анализаторы:
  • Зерттеу жүргізу кезінде жоғары дәлдік пен жылдамдық.
  • Лейкоциттерді 5 топқа бөлу (нейтрофилдер, лимфоциттер, моноциттер, эозинофилдер, базофилдер).
  • Спортшылар үшін ыңғайлы болатындай минималды қажетті қан көлемінің алынуы.
  • Автоматтандырылған сапаны бақылау жүйесі.

2. BioLis 30i биохимиялық анализаторы:
  • Қолайлы көлемі мен жоғары өнімділігі (сағатына 300 тестке дейін).
  • Бір уақытта көптеген тесттерді орындау мүмкіндігі.
  • Автоматты калибровка және қателіктер ықтималдығының минималды болуы.
  • Зерттелетін көрсеткіштер спектрінің ауқымдылығы.

3. iFlash 1800 иммунохимиялық анализаторы:
  • Жоғары сезімталдықты қамтамасыз ететін хемилюминесценция әдісі.
  • Сағатына 180 тестке дейінгі жоғары жылдамдықтағы талдау.
  • Зерттелетін заттардың төмен концентрацияларында нәтижелердің сенімділігі.

4. AUTION ELEVEN AE-4020 полуавтоматикалық зәр анализаторы:
  • Сағатына 514 үлгіге дейінгі жоғары өнімділік.
  • Тест-смужкалардың дәл және нақты өлшеу әдістері.
  • Зәр параметрлері мен қоршаған ортаның температурасына байланысты нәтижелердің автоматты түрде түзетілуі.
Акциялар мен бағдарламалар:
Спортшыларға арналған чекаптар қанның негізгі көрсеткіштерін қамтиды, оларды бақылау жаттығуларды оңтайландыру және артық жүктемелердің алдын алу үшін маңызды.

Бағдарламалар келесілерді қамтиды:

  • Электролиттер (Na/K/Ca/Mg): терлеу және физикалық шаршау арқылы болатын жетіспеушілікті бағалау.
  • Бұлшықет тесттері: бұлшықет құрылымының зақымдануын талдау, оның ішінде миоглобин, креатинкиназа (КК), лактатдегидрогеназа (ЛДГ),спартатаминотрансфераза (АсАТ), тропомиозин және миозин.
  • Жүрек тесттері: ЛДГ, КФК, КФК-МВ, АСТ, тропонин, жалпы ақуыз, зәр жүйесі.
  • Бауыр тесттері: ЛДГ, АЛТ, АСТ, альбумин, билирубин, ЩФ.
  • Бүйрек тесттері: мочевина, креатинин, альбумин, жалпы ақуыз.
  • Спортшылардағы гормондық статус: ТТГ, Т4 (еркін), кортизол, тестостерон.
Біздің команда
Зертханалық диагностика бөлімшесінің меңгерушісі:

Тұрғанбаева Гүлмира Серікбайқызы – жоғары санатты спорт дәрігері, еңбек өтілі 17 жылдан астам.

Мамандар:

Шакиров Әділет Елданаұлы – зертхана дәрігері, еңбек өтілі 9 жыл.
Жақанова Меруерт Тұрашқызы – зертхана дәрігері, еңбек өтілі 15 жыл.
Бажибаева Гүлзат Орынбасарқызы – аға фельдшер-лаборант, еңбек өтілі 25 жыл.
Байбукаш Айгерім Қайратқызы – фельдшер-лаборант, еңбек өтілі 6 жыл.
Мұхтарова Дильназ Русланқызы – фельдшер-лаборант, еңбек өтілі 2 жыл.
Ысамдунова Ынтызар Бахтирқызы – фельдшер-лаборант, еңбек өтілі 2 жыл.