Бөлімшелер
Спорттық медицина бөлімшесі
Біз туралы
Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығының спорттық медицина бөлімшесі спортшыларға арналған кешенді медициналық тексеру шараларын жүргізеді. Бұл тексерулердің нәтижелері негізінде спортпен айналысуға рұқсат немесе рұқсат етілмейтіні туралы қорытынды беріледі. Жоғары білікті спорттық дәрігерлер функционалдық сынамалар жүргізіп, спортшының физикалық жағдайын бағалайды және жаттығу процесі, тамақтану, қалпына келтіру шаралары, допингке қарсы мәселелер мен ТИ рәсімдеу бойынша ұсыныстарын береді.
Тексеру және диагностиканың түрлері
Спорттық дәрігердің тексеруі:
  • Жалпы денсаулық жағдайын бағалау
  • Тері жамылғылары, бұлшықет жүйесі, сүйек-буын және лимфа жүйесін зерттеу
  • Тыныс алу, жүрек-қантамыр, ас қорыту, несеп-жыныс және эндокриндік жүйелерді зерттеу
  • Физикалық дамуды бағалау үшін антропометриялық өлшемдер жүргізу

Функционалдық сынақтар:
  • PWC-170 (велоэргометрде Карпманның модификациясы бойынша)
  • Эргоспирометрия
  • Мартинэ сынамасы
  • 3 минуттық көлеңкемен жекпе-жек
  • Санды жоғары көтеріп, орында 3 минут жүгіру

Тексеру нәтижелері:
  • Денсаулықтың жағдайы бойынша қорытынды
  • Физикалық дамуды бағалау
  • Функционалдық жағдай мен жалпы дененің жұмысқа қабілеттілігін бағалау
  • Жүктемелердің спортшының мүмкіндіктеріне сәйкестігін анықтау
  • Денсаулық жағдайын болжау
  • Спортпен шұғылдануға және жарыстарға қатысуға рұқсат беру туралы шешім
  • Жаттығу процесі, емдеу және қалпына келтіру шаралары бойынша ұсынымдар

Қосымша қызметтер:
  • Спортпен айналысуға рұқсат беру сараптамасы
  • Аурулар бойынша кеңестер
  • Жарыстарды медициналық қамтамасыз ету
  • Допингке қарсы насихат
  • Тыйым салынған заттарды терапевтік мақсатта қолдануға рұқсат беру құжаттарын (ТУЕ) рәсімдеу
  • Спортшылар арасында аурулар мен жарақаттардың алдын алу
Құрал-жабдықтар
  • Функционалдық сынақтар жүргізуге арналған «Monark 828E» велоэргометрлері
  • Электронды таразылар
  • Бой өлшегіштер
  • Арнайы динамометрлер
  • Қол бұлшық еті динамометрлері
  • Құрғақ портативті спирометрлер
  • Қалыңдықты өлшейтін циркульдер
Біздің команда
Бөлімшенің меңгерушісі:
  • Зарецкий Олег Вячеславович

Дәрігер-мамандар:
  • Сарыбаева Амангүл Абылайқызы – жоғары санатты дәрігер, еңбек өтілі – 33 жыл (оның 20 жылы спорттық медицина саласында). «Медицина саласының үздігі» және «Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапатталған.
  • Сейідахметова Гүлжан Шорайқызы – жоғары санатты дәрігер, еңбек өтілі – 31 жыл (оның 21 жылы спорттық медицина саласында). Әйелдер арасындағы дзюдодан ҚР ұлттық құрамсында қызмет атқарып, бөлім меңгерушісі болған. Спорт комитеттерінен марапаттары бар.
  • Хасанова Сайыпжамал Абайдуллайқызы – спорттық медицина дәрігері, еңбек өтілі – 21 жыл. Ұлттық Олимпиада комитетінде (ҰОК) қызмет атқарған, Паралимпиада ойындарына (2016, 2018, 2024), ПараАзия ойындарына (2018, 2023), Олимпиада ойындарына (2022) спортшыларды сүйемелдеген. ҰОК және спорт комитеттерінен марапаттары бар.
  • Рахатов Берік Түлеубекұлы – І санатты дәрігер, еңбек өтілі – 13 жыл (оның 12 жылы спорттық медицина саласында). Ұлттық Олимпиада комитетінде (ҰОК) қызмет атқарып, гимнасттар мен регбистерді сүйемелдеген.
  • Сегізбаева Ұлжан Бахытбекқызы – спорттық медицина дәрігері, еңбек өтілі – 7 жыл. Резидентурадан өткен, біліктілігін үздіксіз арттырып отырады.
  • Болтаев Олжас Талғатұлы – спорттық медицина дәрігері, еңбек өтілі – 6 жыл. Ұлттық Олимпиада комитетінде (ҰОК) қызмет атқарып, 2022 жылғы Олимпиадада шорт-трек спортшыларын сүйемелдеген. ҰОК-нің Алғыс хаттары мен грамоталарына ие.