Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығының функционалдық диагностика бөлімшесі спортшылардағы патологияларды анықтауға бағытталған кешенді іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз етеді. Бөлімше заманауи, жоғары технологиялы, сараптамалық деңгейдегі құрал-жабдықтармен жабдықталған. Бұл жүрек-қан тамырлары, өкпе, неврологиялық, эндокриндік жүйелердің патологияларын, сондай-ақ ас қорыту жүйесінің ауруларын анықтауға мүмкіндік береді.