Бөлімшелер
Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімшесі
Біз туралы
Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімше Орталықтың қызметін ұйымдастыру, жоспарлау және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Негізгі функциялары:

Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларын медициналық қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру;
оқу-жаттығу жиындары мен спорттық жарыстарды медициналық сүйемелдеуді үйлестіру;
спорт ұйымдарымен және салалық құрылымдармен өзара іс-қимыл жасау;
есептілік, талдамалық және статистикалық материалдарды дайындау;
әдістемелік ұсынымдар мен нормативтік құжаттарды әзірлеу.

Негізгі қызметтің бағыттары:
🔹 Статистикалық талдау және есептілік

  • Есептік мәліметтерді жинау, жүйелеу және өңдеу
  • Статистикалық көрсеткіштерді есептеу, ұйым қызметіне талдау жасау және баға беру
  • Жылдық статистикалық есептерді, конъюнктуралық талдауларды және кешенді жұмыс жоспарларын дайындау
  • Облыстық дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің есептеріне талдау жүргізу, республикадағы дәрігерлік-дене шынықтыру қызметіне баға беру

🔹 Әдістемелік және оқу-ағарту жұмысы

  • Медициналық статистика бойынша нұсқаулық-әдістемелік семинарларды ұйымдастыру
  • Ұйым бөлімшелерін ақпараттық-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету
  • Арнайы әдебиетке (соның ішінде электронды тасымалдаушыларға) өтінімдерді жинау және қамтамасыз етілуін бақылау

🔹 Нормативтік-құқықтық базаны жаңарту

  • Нормативтік құжаттар, әдістемелік ұсынымдар және бұйрықтарды мониторингтеу және жаңарту
  • Актуалды электронды деректер базаларын қалыптастыру және қолдау

🔹 Ұйымдастыру-басқарушылық қызмет

  • Орталықтың жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды әзірлеу
  • Орталықтандырылған дәрігерлік-бақылау комиссиясының жұмысына қатысу
  • Шағымдар мен даулы жағдайларды талдау, ресми жауаптарды дайындау
Біздің команда
Бөлімшенің меңгерушісі:

Рамазанов Алмат Ермекұлы