Бөлімшелер
Функционалдық диагностика бөлімшесі
Біз туралы
Функционалдық диагностика бөлімшесі спортшылар ағзасының функционалдық жағдайын кешенді бағалауды жүзеге асырады.

Негізгі функциялары:

жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйелерін зерттеу;
ішкі ағзалардың функционалдық жағдайын бағалау;
функционалдық жүктемелік сынамаларды жүргізу;
физикалық жұмыс қабілеттілік деңгейін анықтау;
жаттығу процесі барысында спортшылардың жағдайын динамикалық бақылау.

Біздің артықшылықтарымыз:
  • Эксперттік деңгейдегі жабдықтар
  • Жоғары және бірінші санатты жоғары білікті дәрігерлер
  • Диагностиканың кешенді тәсілі
Зерттеулердің түрлері:
  • Трансторакальная эхокардиография (ЭХОКГ)
  • Тредмил-тест (нагрузочный тест на беговой дорожке)
  • Стресс-эхокардиография (нагрузочный тест на вертикальном велоэргометре)
  • Эргоспирография (кардиопульмональный стресс-тест) с газоанализом
  • Ультразвуковое исследование (УЗИ) внутренних органов и щитовидной железы
  • УЗДГ сосудов
  • Суточное мониторирование ЭКГ (Холтер)
  • Спирометрия
  • Электрокардиография (ЭКГ)
  • Электроэнцефалография (ЭЭГ)
  • Суточное мониторирование артериального давления (СМАД)
Біздің команда
Бөлімшенің меңгерушісі

  • Жәлімбетова Жанна Нұржанқызы – І санатты кардиолог, медицина магистрі. Еңбек өтілі: 10 жылдан астам. Эргоспирография мен тредмил-тесттеріне маманданған.

Дәрігер-мамандар:

  • Нусибалиева Махфуза Еркебекқызы – І санатты УЗИ дәрігері. Еңбек өтілі: 25,5 жыл. Отбасылық медицина мен радиологиялық диагностика саласында мол тәжірибесі бар.
  • Кадешова Индира Серікбайқызы – УЗИ дәрігері. Еңбек өтілі: 6 жыл.
  • Трунина Светлана Геннадьевна – І санатты функционалдық диагностика дәрігері. Еңбек өтілі: 32 жыл. Спорттық медицина саласының эксперті.
  • Далиева Гүлжан Ақылбекқызы – жоғары санатты ультрадыбыстық диагностика дәрігері. Еңбек өтілі: 19 жыл. Мамандығы: педиатрия, УЗИ, Эхо-КГ.
Акциялар мен арнайы бағдарламалар:
  • «Кардиологиялық» пакет: кардиологтың кеңесі, ЭКГ және ЭхоКГ.
  • Кардио чек-ап: жүрек пен қан тамырларын кешенді тексеру. Артериялық қысым, жүрек ырғағының бұзылыстары, физикалық жүктемеге төзімділік бағаланады. Барлығы небары 1 сағатта – жүрек-қантамыр жүйеңіздің жағдайы туралы толық ақпарат аласыз.
Біздің қосымша қызметтеріміз:
  • Алматы қаласынан тыс жерде жүрген спортшыларға арналған бейінді мамандармен онлайн-кеңестер.