Бөлімшелер
Спорттық медицина бөлімшесі
Біз туралы
Спорттық медицина бөлімшесі Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командалары спортшыларына мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.

Негізгі функциялары:

алдын ала, мерзімдік және тереңдетілген медициналық тексерулер (ТМТ) жүргізу;
спортшыларды оқу-жаттығу процесіне және жарыстарға жіберу;
оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарды медициналық сүйемелдеу;
спорттық жарақаттар мен аурулардың алдын алу;
дәрілік заттармен, биологиялық белсенді қоспалармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету.

Тексеру және диагностиканың түрлер
Спорттық дәрігердің тексеруі:
  • Жалпы денсаулық жағдайын бағалау
  • Тері жамылғылары, бұлшықет жүйесі, сүйек-буын және лимфа жүйесін зерттеу
  • Тыныс алу, жүрек-қантамыр, ас қорыту, несеп-жыныс және эндокриндік жүйелерді зерттеу
  • Физикалық дамуды бағалау үшін антропометриялық өлшемдер жүргізу

Функционалдық сынақтар:
  • PWC-170 (велоэргометрде Карпманның модификациясы бойынша)
  • Эргоспирометрия
  • Мартинэ сынамасы
  • 3 минуттық көлеңкемен жекпе-жек
  • Санды жоғары көтеріп, орында 3 минут жүгіру

Тексеру нәтижелері:
  • Денсаулықтың жағдайы бойынша қорытынды
  • Физикалық дамуды бағалау
  • Функционалдық жағдай мен жалпы дененің жұмысқа қабілеттілігін бағалау
  • Жүктемелердің спортшының мүмкіндіктеріне сәйкестігін анықтау
  • Денсаулық жағдайын болжау
  • Спортпен шұғылдануға және жарыстарға қатысуға рұқсат беру туралы шешім
  • Жаттығу процесі, емдеу және қалпына келтіру шаралары бойынша ұсынымдар

Қосымша қызметтер:
  • Спортпен айналысуға рұқсат беру сараптамасы
  • Аурулар бойынша кеңестер
  • Жарыстарды медициналық қамтамасыз ету
  • Допингке қарсы насихат
  • Тыйым салынған заттарды терапевтік мақсатта қолдануға рұқсат беру құжаттарын (ТУЕ) рәсімдеу
  • Спортшылар арасында аурулар мен жарақаттардың алдын алу
Құрал-жабдықтар
  • Функционалдық сынақтар жүргізуге арналған «Monark 828E» велоэргометрлері
  • Электронды таразылар
  • Бой өлшегіштер
  • Арнайы динамометрлер
  • Қол бұлшық еті динамометрлері
  • Құрғақ портативті спирометрлер
  • Қалыңдықты өлшейтін циркульдер
Біздің команда
Бөлімшенің меңгерушісі:
  • Зарецкий Олег Вячеславович

Дәрігер-мамандар:
  • Сарыбаева Амангүл Абылайқызы – жоғары санатты дәрігер, еңбек өтілі – 33 жыл (оның 20 жылы спорттық медицина саласында). «Медицина саласының үздігі» және «Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапатталған.
  • Сейідахметова Гүлжан Шорайқызы – жоғары санатты дәрігер, еңбек өтілі – 31 жыл (оның 21 жылы спорттық медицина саласында). Әйелдер арасындағы дзюдодан ҚР ұлттық құрамсында қызмет атқарып, бөлім меңгерушісі болған. Спорт комитеттерінен марапаттары бар.
  • Хасанова Сайыпжамал Абайдуллайқызы – спорттық медицина дәрігері, еңбек өтілі – 21 жыл. Ұлттық Олимпиада комитетінде (ҰОК) қызмет атқарған, Паралимпиада ойындарына (2016, 2018, 2024), ПараАзия ойындарына (2018, 2023), Олимпиада ойындарына (2022) спортшыларды сүйемелдеген. ҰОК және спорт комитеттерінен марапаттары бар.
  • Рахатов Берік Түлеубекұлы – І санатты дәрігер, еңбек өтілі – 13 жыл (оның 12 жылы спорттық медицина саласында). Ұлттық Олимпиада комитетінде (ҰОК) қызмет атқарып, гимнасттар мен регбистерді сүйемелдеген.
  • Сегізбаева Ұлжан Бахытбекқызы – спорттық медицина дәрігері, еңбек өтілі – 7 жыл. Резидентурадан өткен, біліктілігін үздіксіз арттырып отырады.
  • Болтаев Олжас Талғатұлы – спорттық медицина дәрігері, еңбек өтілі – 6 жыл. Ұлттық Олимпиада комитетінде (ҰОК) қызмет атқарып, 2022 жылғы Олимпиадада шорт-трек спортшыларын сүйемелдеген. ҰОК-нің Алғыс хаттары мен грамоталарына ие.